Үш рет тұрмысқа шығып, дәм-тұзы жараспаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш рет тұрмысқа шығып, дәм-тұзы жараспаған

Үш рет тұрмысқа шығып, дәм-тұзы жараспаған

Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері - Бибігүл Ахметқызы Төлегенова. 

  • 20 Ақпан 2018
  • 629
Фото - Caravan.kz

Өнер жолынан бұрын, өмір жолында көп қиындықтар болғанын Бибігүл Төлегенова "Астана" арнасының "Сырласу" бағдарламасында тарқатып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz. 

"Ең алғаш 18 жасымда тұрмысқа шықтым. Қиыншылыққа шыдамаған күйеуім араққа салынып, маскүнем болып кетті. Бірге тұру мүмкін болмаған соң, екі баламды алып, үйден қашып кеттім", деп еске алды. 

Екінші рет тұрмысқа шыққанда күйеуі қызғаныштан ұрып, қызы екеуі ауруханадан бір-ақ шыққан. 

Бибігүл Ахметқызы үшінші рет 40 жасында жас жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда, ол да үйде отырғанын қалап, күн көрсетпеген. 

"Біздің қазақтың жігіттері үйде отырғызып қойғанды жөн санайды", дейді Бибігүл Ахметқызы.

Бүгінде Бибігүл апамыздың екі қыз, бір ұлы бар. Бірақ, ажалға араша жоқ, осыдан біраз жыл бір қызы дүние салған.  


"Үлкен немерем 45-те, ортаншы немерем 42-де, ал ең кіші немерем 28-де. 4 шөберем бар. Ең тәттісі шөбере екен", дейді әнші. 

92 жастағы әнші апамыз сұхбат соңында қолқа салған жүргізушінің сұрауымен "Бір бала" әнін әуендете жөнелді. "Өнер адамы бір емес, екі рет өледі. "Бұлбұл"-ды айта алмай қалған күні ол менің өлген күнім", деген.

 

Соңғы жаңалықтар