Үш сценарий әзірленді – Алматыда COVID-19 күзгі толқынына дайындалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш сценарий әзірленді – Алматыда COVID-19 күзгі толқынына дайындалып жатыр

Үш сценарий әзірленді – Алматыда COVID-19 күзгі толқынына дайындалып жатыр

Арнайы call-орталық жұмыс істейтін болады. Қосымша желі 103-ке түсетін жүктемені азайтып, коронавирусқа байланысты шұғыл қоңырауларға дер кезінде жауап беруге жағдай жасайды.

  • 31 Тамыз 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі Қамалжан Надыров Алматының жедел жәрдем қызметінің пандемияның жаңа толқынына дайындығымен танысты.

"Қазіргі уақытта 180 бригада жұмыс істейді. 3 мыңнан астам қызметкер бар. Мамандар қорғаныш құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген. Вирус өршіген жағдайда 103 желісінің санын 30-дан 50-ге дейін көбейтеміз. Қоңырау қабылдайтын фельдшерлер саны 12-22-ге, бригадалар саны 220-ға дейін артады", — деді Алматы қалалыұ жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігері Біржан Оспанов.

COVID-19 жұқтыру шыңы болған жағдайға байланысты іс-қимыл алгоритмі әзірленген.


"Жоспар дайын, үш негізгі сценарий бар. Медицина қызметкерлері соған сәйкес әрекет етеді. Барлық медицина қызметкері тиісті оқытудан өтті", — деді Оспанов.

Арнайы 3000-505  call-орталығы жұмыс істейтін болады. Қосымша желі 103-ке түсетін жүктемені азайтып, коронавирусқа байланысты шұғыл қоңырауларға дер кезінде жауап беруге жағдай жасайды.

Оспановтың айтуынша, Алматыда КВИ бойынша түсетін қоңырау саны азайған.

Соңғы жаңалықтар