«Үш шерту» әдісі - Қазнетті ойсырататын үш соққы, деп санайды қазақстандық сайттар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Үш шерту» әдісі - Қазнетті ойсырататын үш соққы, деп санайды қазақстандық сайттар

«Үш шерту» әдісі - Қазнетті ойсырататын үш соққы, деп санайды қазақстандық сайттар

Kiwi.kz, NUR.KZ, Yvision.kz және Namba.kz сияқты қазақстандық ірі сайттар Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке, Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевке Және Парламент депутаттарына ашық хат жазды.

  • 6 Маусым 2011
  • 542
Фото - Caravan.kz

Интернет-қоғамдастықтар хаттарында Қазақстанның Интернет-Қоғамдастығы ұсынып отырған «Үш шерту» әдісіне наразылық білдіріп отыр. Олар өз ұстанымдарын 8 маусымда өтетін баспасөз мәслихатында түсіндірмек.

«Айтылып отырған ұсынысты заңнамалық негіздеу қауіпті», — дейді олар. «Қазақстанның Интернет-Қоғамдастығы құрылған екі жылдан бері тып-тыныш отырды да, кенеттен қызу белсенділік танытып, Қазнеттің мүддесіне қарсы әрекеттерді бастап отыр», — делінген хатта.

«Қазақстандық интернеттің басты айырмашылығы сол, қазақстандық пайдаланушылардың көбісі ТМД елдерінің сайттарына кетуде»,- деп түсіндіреді хат авторлары 6 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарына жасаған мәлімдемелерінде (http://yvision.kz/yv/165214).

Еліміздің ұлттық операторы -«Қазақтелеком» АҚ 2008 жылдан бастап веб-жобалар мен пайдаланушыларға жайлы жағдай жасап келеді. Бұл күш-жігерлердің мақсаты — қазақстандық трафиктің сыртқы ресурстарға ағымын азайту. Ал ұсынылып отырған «Үш шерту» әдісі — Қазнетті ойсырататын әдіс.

Біріншіден, пайдаланушы заңсыз контентті іздеп, kz аумағынан сыртқы ресурстарға кетеді. Екіншіден, ресейлік ресурстар қазақстандық сайттарға қарағанда негізгі басымдыққа ие болады. Үшіншіден, отандық торренттер мен онлайн-кинозалдар домендері мен хостингтерін ресейлік адрестерге ауыстырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық аясынан шығады.

Қалыптасқан жағдайға талдау жүргізген интернет-сайттардың бірлестігі, интернеттегі авторлық құқыққа қатысты заңнамалық актілерді өзгертуге екі жылға мораторий енгізуді ұсынуда. Осы аралықта ТМД деңгейінде авторлық құқықты сақтау мәселесін шешу керек. Сондай-ақ, пайдаланушылармен, ең алдымен пираттық контентке кетіп жатқан пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, дейді хат авторлары.

Соңғы жаңалықтар