"Үш топқа бөлген. Біріншісі - Зайытов": Жоспар бойынша салафиттердің кезектегі соққысына кім ілінбек? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үш топқа бөлген. Біріншісі - Зайытов": Жоспар бойынша салафиттердің кезектегі соққысына кім ілінбек?

"Үш топқа бөлген. Біріншісі - Зайытов": Жоспар бойынша салафиттердің кезектегі соққысына кім ілінбек?

Бірнеше күннен бері мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың Ыбырай Алтынсаринға қатысты айтқан пікірі халықты түрлі пікірде қалдырды. 

  • 16 Қазан 2023
  • 287
Фото - Caravan.kz

Тіпті, желіде депутаттың соңынан түскендер көп екендігі айтылды, деп Caravan.kz медиа порталы.

 — Қазақ ата-бабам қазақтя оңдырамын деп, түрлі нәрсеге барды. Ыбырай Алтынсарин мектеп ашқан адам. Ал, ол сол мектепті ашу үшін құрбандыққа барды. Мойнына крест тағып, орыстың патша үкіметін алдады. Қазақты оқытамын деп, барын салды, деді видеода Ринат Зайытов. 

Оңғар Қабден фейсбуктегі парақшасында:

"Еу, салафиттер бері келіңдер! Ринат Заитовтың бағана сұхбатынан үзінділерін қиып, соны салып, аяқтан шалғыларың келді ме? Міне, оригинал видео!
Алтынсарин қандай құрбандыққа барғанын айтып отыр!
Өткендегі Дала инсаидтың ақпараты дұрыс екен. Салафиттер жанталасып, шабуылға шығып жатыр. Келесі кезекте кім? Ермурат Бапи? Мақсат Толықбай?

Таратып, бөлісіп жіберіңдер! Көзін ашыңдар халықтың!", деп жазды.  

Сонымен қатар, Дала инсайд телеграм каналында мынадай тың ақпарат таратты. 

"Ыбырай операциясы": Pronto алғашқы жүріс жасады

Салафизмнің Қазақстандағы офисі жалдап алған Pronto ботофермасы ислам сектасына қарсы шыққан танымал тұлғалардың абыройына кір келтіру жобасын бастап кетті дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Дәл қазір салафизмнің Орталық Азия бойынша барлық бюджеті Қазақстандағы идеологиялық күреске жұмылдырылған.

Сақалды пропагандистер тобы үшке бөлінді. Бірінші топ архивтерді (газет, аудио, видео, жеке аккаунт) ақтарып, компромат жинақтауды бастады. Екінші топ видео/аудио монтаж, дипфейк пен жасанды интеллектті қолданып, айтпағанды айтқызатын шынайы роликтер, записьтер дайындауға тапсырма алды. Аудиториясы үлкен блогерлер, журналистер мен әншілер үшінші топқа жиналды. Олар осы жасалған материалдарды әлеуметтік желілері арқылы барынша таратуы тиіс. Және БАҚ-тарға сұхбат бере бастауы керек. Топтың жасырын кураторлығы блогер Өркен Кенжебек пен журналист Нұрбек Бекбауға тапсырылды. Электронды БАҚ-пен жұмыс істеуді журналист-редактор Ардабек Солдатбай өз мойнына алды.

Жоспар бойынша, алдымен Мәжіліс депутаты, салафизмге ашық қарсы шыққан ақын Ринат Зайытовты қаралау кампаниясы жүретін болады. Ол 15-ші қарашада аяқталуы тиіс. Ринат Зайытовқа қатысты үш ролик дайындалған. Біріншісінде Ринаттың Ыбырай Алтынсаринді шоқынған деуі, екіншісінде Абайға қатысты монтаждалған сөздері, ал үшіншісінде жасанды интеллект арқылы жасалған Ринат Зайытовтың өзін тәңіршілер пайғамбары деп атаған ватсап аудиосы болмақ.

Үшінші топ Алтынсаринге қатысты даулы роликті сәтті тарата білді. Көп нәрседен хабары жоқ аудитория алдында Ринат Зайытовқа күйе жағылғандай болды. Алайда, оның жақтастары сұхбаттың оригиналын тауып, жариялап жатыр. Онда Зайытовтың мүлде басқа мағынада сөйлегені көрінеді.

Зайытовты реттегеннен кейін сақалды пропагандистер Ермұрат Бапи (Датты сату оқиғасы), Мақсат Толықбай (отбасылық бизнес және Қаңтар оқиғасы), Арман Әубәкір (мемлекеттік тендерлер), Оңғар Қабден (алкоголь), Тортуыл Шоқан (есірткі), Садық Шерімбек (түрлі былапыт сөздер) туралы компроматтар қиюластырып, видеороликтер таратпақ. Депутаттарға екі ролик, қалғандарына бір ролик арналатын болады. Барлық жұмысты жаңа жылға дейін реттеу жоспарланған", деп жазды Дала Инсайд.  

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=319188454030085&id=100008177013860&mibextid=Nif5oz

Соңғы жаңалықтар