«Ұшақ жарамын» деп сес көрсеткен Германия азаматы айыппұл төлейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ұшақ жарамын» деп сес көрсеткен Германия азаматы айыппұл төлейтін болды

«Ұшақ жарамын» деп сес көрсеткен Германия азаматы айыппұл төлейтін болды

Астанада «ұшақты жарып жіберемін» деп сес көрсеткен Германия азаматына қатысты сот шешімі шықты. Шетелдік бұзақылығы үшін енді 350 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.  

  • 12 Қазан 2013
  • 224
Фото - Caravan.kz


Германия азаматы Астана-Мәскеу бағытындағы ұшақ қызметкерлерін  аяғынан тік тұрғызған. Ащы суға сылқия тойып алған жолаушы бастапқыда бортсерікті балағаттап, тіпті ұшақты жарып жіберемін деп қоқан-лоқы көрсеткен көрінеді. Ол аздай кәсіпкер оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларына да әкіреңдеп, жағдайды мүлдем ушықтырған. Қызуқанды қонақтың кесірінен ұшақ уақытынан 1 сағат кеш көтерілді. Оған қатысты  елордалық прокурорлар бірден екі қылмыстық іс қозғап, ірі көлемде айыппұл салынды. Негізі 47 жастағы германиялық азамат Ақмола облысының тумасы екен. Енді осы бұзақылығы үшін қазіргі отанына қуылатын болады.