Ұшақта шу шығарған түрік журналисі "Қазақ елі" журналының Қырғызстандағы тілшісі болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұшақта шу шығарған түрік журналисі "Қазақ елі" журналының Қырғызстандағы тілшісі болып шықты

Ұшақта шу шығарған түрік журналисі "Қазақ елі" журналының Қырғызстандағы тілшісі болып шықты

Ұшақта қазақша сөйлеуді талап етіп, елді шулатқан журналист Түркияда шығатын "Қазақ елі" журналының Қырғызстандағы тілшісі болып шықты. Ол өз елінде қазақтардың ерекше құрметтелетінін айтты.

  • 16 Тамыз 2017
  • 7682
Фото - Caravan.kz

Оғыз Доған — Түркия азаматы. Сол елде туып өскен. Ал Caravan.kz тілшісінің "Қазақ тілін қалай үйренгенсіз?" деген сұрағына былай деп жауап берді:

"1980 жылдары мектепте оқып жүрген кезімде Түркияда Мағжан Жұмабаевтың қазақ және түрік тілдеріндегі өлеңдер жинағы шықты. Соны алып оқығаннан бастап қазақ тіліне деген махаббатым оянды. Сондықтан үйренейін деп бел будым. Жалпы, біздің елде қазақтарға үлкен құрметпен қарайды. Бауырлас халықпыз ғой".

Түркиядағы "Қазақ елі" журналы да осы құрметтің нәтижесінде 2 жыл бұрын шыға бастаған. Ол да екі тілде жарық көреді. Оғыз Доған онда алғаш шыға бастағаннан бері істейді.


Өзінің айтуынша, ол орыс тілін шынымен де түсінбейді екен. Бірақ стюардесса үстелшені жинау керек екенін ыммен көрсеткенде түсініпті. Оғыз сонда да оның қазақша сөйлеуін талап еткен. Бұл әрекеті үшін журналиске 6800 теңге айыппұл салынғанын бұрынырақ хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар