Ұшақтағы тоғыз тонна алтын жерге шашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Ұшақтағы тоғыз тонна алтын жерге шашылды

Ұшақтағы тоғыз тонна алтын жерге шашылды

Якутскіден ұшып шықпақ болған ұшақтың жүк салатын люгінің қақпағы ашылып кетті.

  • 16 Наурыз 2018
  • 190
Фото - Caravan.kz

Люктің ашылып кетуі себебі анықталмаған. Полиция әуежайдың маңын жауып тастап, өткен-кеткен адамдар мен жүргізушілерді жіті тінтуге кіріскен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ресми ақпарат әзірге жоқ. Алайда желіге тарап кеткен ақпаратқа сенсек, ұшақтан түскен заттар алтын құймаларына қатты ұқсайды екен.

Telegram-дағы Mash арнасы хабарлағандай, ұшақ бортында 21 миллиард 600 миллион рубльге бағаланатын алтын болған.

Әзірге Якутск әуежайы мен сол маңайдан 172 алтын құймасы табылды. Әр құйманың салмағы 20 келі. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақта шамамен тоғыз тоннаға жуық алтын болған. Ол жүктің жартысынан астамы апат кезінде жоғалып кетті.


Оқи отырыңыз:

Алматы облысында әскерге барған жігіт басына үш оқ тиып, жансақтау бөлімінде жатыр

Анау-мынау азаматпен бас қосып, оның ығына жығылатын жастан өтіп кеттім — Айгүл Иманбаева