Жарияланды: 470

Үшаралда Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының аясындағы лаңкестікке қарсы "Ықпалдастық-2003" атты оқу-жаттығуларының бірінші кезеңі басталды

6- тамызда Үшарал маңындағы Шығыс әскери округінің аумағында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің лаңкестікке қарсы "Ықпалдастық-2003" атты оқу-жаттығуларының бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқу -жаттығулар 2001-жылдың 15-мамырында қабылданған "Тероризмм және экстремизммен күрес жөніндегі" Шанхай конвенциясы негізінде қабылданған Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының шаралар жоспарына сәйкес өткізіліп отыр. Оқу-жаттығулардың бірінші кезеңі Шығыс әскери округінің аумағында 6-8 тамыз күндері өтеді. Мұнда ұйымға мүше елдердің жауынгерлері әскери операцияларды жоспарлау, бірлескен штаб құру, күштер мен құралдарды басқару, "жауынгерлік шараларды" ұйымдастыру, шартты "шекара бұзған ұшақты" қонуға мәжбүрлеу, десант түсіру, аймаққа өтіп кеткен "лаңкестерді" қоршауға алып бейтараптандыру шараларын жүзеге асыруға машықтанады. Оқу-жаттығулардың бірінші кезеңіне Аэромобильді және құрлықтағы күштер , ҚР Қарулы күштері әуеден қорғаныс күштерінің бөлімшелері , Қырғызстан қару күштерінің десанттық-барлау взводы мен Ресей Қарулы күштерінің мотоатқыштар ротасы қатысады. Тәжікстан Қарулы күштерінің өкілдері оқу-жаттығуларға бақылаушы ретінде шақырылып отыр. Жаттығулардың екінші кезеңі ҚХР аумағында 11-12-тамызға межеленген. Оқу-жаттығуларға Қырғызстан Қарулы күштері мен Қытай Ұлтазаттық Армиясының бөлімшелері, атап айтсақ, механикаландырылған жаяу әскер батальоны, 105 мм-лік зеңбірек батареясы мен Қытай армиясының арнаулы күштер ротасы қатысады. Екінші кезеңде террористер базасын жою және кепілдікке алынған адамдарды құтқару операциялары тиянақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть