Үшем туған ана отбасымен баспанасыз қалғалы отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үшем туған ана отбасымен баспанасыз қалғалы отыр

Үшем туған ана отбасымен баспанасыз қалғалы отыр

Астанада үшемді дүниеге әкелген отбасы баспанасыз қалғалы отыр. Былтыр ғана Ақерке, Жанерке, Ердәулет есімді бүлдіршіндерді дүниеге әкелген Пірназаровтар отбасына қалалық әкімдік баспана бергенімен, оны араға жарты жыл өтпей жатып қайта тартып алмақшы. Ал үшемнің бірі-Ақерке қазір анасымен ауруханада. 3 айынан бері аурушаң болған балаға дәрігерлер бүгін операция жасады. 

  • 25 Қазан 2012
  • 367
Фото - Caravan.kz

Пірназаровтар отбасының жақын күндері далада қалатын түрі бар. Қалалық әкімдік дүниеге үшем әкелген отбасыға басында пәтер берген, араға жарты жыл салып оны қайтып тартып алмақ. Бар таққан айыптары — Пірназаровтардың басында 1 бөлмелі пәтердің болғандығы. Шенеуніктер сол жылжымайтын мүлік мемлекеттен басқа үй алу үшін әдейі сатылған деп отыр.

Әлия Төретаева, «Қалалық мүлік» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің заңгері:

Ата-анасынан қалған пәтерлері болды. Соны сатқан, әдейі жағдайларын мүшкіл етіп көрсету үшін.

Бауыржан мен жұбайы Гүлжанның бармаған жері жоқ. Тіпті прокуратураға шағымданған. Алайда «Қалалық мүлік» коммуналдық мекемесі құзырлы органның хатына да жауап бермепті. Бар бітірген жұмыстары — ескертпе қағаз жіберу ғана болған. Тіпті бүгін осы мәселе бойынша өткен алғашқы сот отырысында, мекеме өкілі бұл үй Піраназовтарға уақытша берілген деп мәлімдеді. Алайда бұдан зардап шегуші отбасы хабарсыз болып шықты.

Бауыржан Пірназаров, үшемнің әкесі:

— Уақытша берілсе білетін едік, еш қағаздарын бермеді, міне 1 жыл болады осы жерде тұрғанымызға. Шық деп отыр. Білмеймін енді 3 баламен не болатынын.

Ал мынау — Жанерке мен Ердәулет, қазір әкелерінің қарауында. Отағасы жұмысынан уақытша сұранған. Жұбайы Гүлжан екеуі де әскери қызметтегі азаматтар. Бір жағынан баспана, бір жағынан баласы үшін шырылдаған аналары Гүлжан болса сотқа ауруханадан сұранып келді. Өйткені бүгін үшемнің сыңары Ақеркеге операция жасалыпты. Шыр етіп дүниеге келгелі бүлдіршін аурушаң. Ішкен тамағын мұрнынан шығаратын кеселге шалдыққан.


Гүлжан Болатова,үшемнің анасы:

Бүгін үшінші операция . 1 жас 9 айда 3-інші операциясы.  Не баланы, не үйді уайымдарымды білмеймін… Қағазды алғалы бері уайым-қайғы, қайда барамыз, не істейміз деп?!

Тура 40 минутқа созылған сот процесі бүгін 29-ыншы қазанға шегерілді. Қажетті құжаттардың болмауынан. Ал оған дейін үшемнің сыңары Ақерке ауруханадан шығады деген үміт бар бұл отбасында. Қамкөңіл ана болса аурушаң баламен далада қалып қоюға қорқады. Өйткені «Қалалық мүлік» мекемесі үйді босатыңдар деп есікке кезекті ескертпе қағазын іліп кетіпті.

Соңғы жаңалықтар