Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.
Гүлмира Әбішеваның айтуынша ер адам балаларын каникулға алып кеткен. Бұған дейін марқұм балалар аналарымен бірге Атырауда тұрған.
«Ол әйелімен ажырасқан, бөлек тұрады. Балаларды демалыс уақытында өзімен алып кеткен. Желіде көпшілік ол жігітті белгісіз бір ағым жетегінде деп жатыр. Шын мұсылман құмырсқаны да өлтіруге қимайтын мейірімді болуы керек. Дінге бой бұрған және ажырасып, балаларды екі ортада тасып жүрген ата-аналар қадағалауда болу керек. Ондай отбасылардың жан-жағындағылардан сұрақ-жауап алынып, құқықтық орган қадағалауда ұстауы керек», -деп жазды Әбішева.
Ал сол күні ер адамды үш баласымен бірге көрген көршілері, қыздардың хиджаб кигенін айтты.
«Қарап тұрдым. Ол екі қызын ертіп алыпты. Кішкентай қыздар хиджап жабынып алыпты. Ұлы арқаларынан еріп келе жатты. Бірақ бұл жігіт туралы көп білмейміз. Өзін көре бермейміз де»,- дейді көршілердің бірі.
Еске салсақ, Ақтауда қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алған еді. Ер адам туған балаларын балталап, кейін қолға түскен болатын. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.