Жарияланды: 120

Үшінші рет күйеуге шыққан Ақбота Керімбекованың ажырасып кеткені рас па?

Үшінші рет күйеуге шыққан Ақбота Керімбекованың ажырасып кеткені рас па?

Танымал әнші Ақбота Керімбекованың үшінші рет тұрмыс құрғаны бұған дейін айтылған. Жуырда әлеуметтік желілерде оның осы күйеуімен де ажырасып кеткені жайында қауесет тарады.

Тыңдармандарын мазалаған сұрақтың жауабын әнші «Бақытты әйел» бағдарламасында айтып берді. Жеке өмірі жайында сөз қозғаған Ақбота бұл қауесеттің жай өсек емес екенін, толықтай ажыраспағанымен ренжіскенін мәлімдеді.

«Отбасы болғаннан кейін барлық жағдайлар болады. Кейде ренжісіп, бір-біріңді түсінбей жатасың. Тұрмысқа шығарда сұхбаттарымда "ертеңгі күні не болатынын, тағдырымның не боларын білмеймін" деп айтқанмын. Сол кезде осы отбасымның да қалай болатынын мен білмеймін, белгісіз дегенмін. Оны тек бір Алла ғана біледі. Біз тек армандаймыз, алға ұмтыламыз, жақсы нәрсеге қол жеткізгіміз келеді. Мен тек бақытты болғым келді. Кез келген әйел бақытты болғысы келеді. Қасыңда "жаным-күнім" деп еркелетіп, алақанында ұстап, қандай адам болсаң да мәртебеңді өсіріп, биіктетіп отырса, әйел қалағанын өзі жасап береді ғой. Енді ажырастым деп айта алмаймын. Бірақ біраз түсініспеушіліктер, реніштер болды. Бәлкім, қауесеттер сол үшін де шығып жатқан шығар. Ол да адам баласы, біреудің ұлы. Мен ешкімді кінәламаймын», – деді Ақбота Керімбекова.

Айта кетсек, танымал әнші былтыр ғана өзінен 9 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан болатын. Әншінің бұрынғы некесінен 3 баласы бар.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да 2 шақырымдық жер қақ айырылды
Биыл қазақстандықтар айдың 3 сағат тұтылғанын көре алады
Қазақстанда тұңғыш рет ұшақты әйел басқарды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть