Жарияланды: 130

Ұшқыштың жаназасына келген Bek Air басшысы оғаш қылық танытты

Ұшқыштың жаназасына келген Bek Air басшысы оғаш қылық танытты

Компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов сұрақ қойған журналистерді итеріп, алды-артына қарамай тұра қашты.

Алматыда әуе апатының жалғыз куәгері – ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың денесі жер қойнына тапсырылды. 54 жастағы азаматты ақтық сапарға әріптестері, достары мен жақындары шығарып салды.

Қаралы жиынға қатысқандар марқұмды өз ісін сүйетін еңбекқор әрі ақкөңіл адам болған деп еске алды.

"Мектептен соң Ақтөбенің ұшқыштар училищесін бітірген. Содан ұшқыш болды. Алматыда қанша жылдан бері ұшқыш болып істеген. Жұмысын қатты жақсы көретін. Отбасына адал, бала-шағасына қарайтын. Жора-жолдасқа да адал жігіт болды", - дейді Молдақұловтың сыныптасы Нұржамал Қасымова.

Мейіржан Молдақұлов ұшақ апатынан кейін басынан, жамбасы мен омыртқасынан ауыр жарақат алған. Кейін оған бірнеше ота жасалып, дәрігерлер ұшқышты үйіне жіберген болатын. Алайда ауруханадан жазылып шыққан азамат арада апта өтпей қайтыс болды. Марқұмның артында жұбайы мен екі қызы қалды.

Бұл отбасына Bek Air тарапынан көмек көрсетіле ме, ол жағы әзірге белгісіз. Компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов сұрақ қойған тілшілерді итеріп, алды-артына қарамай тұра қашты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін