Үскірік аяз қашан басылады? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үскірік аяз қашан басылады?

Үскірік аяз қашан басылады?

Еліміздің тағы үш өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланд

  • 25 Қаңтар 2018
  • 218
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты жел күтілуде дейді синоптиктер. Солтүстік Шығыс және Орталық өңірлерде де күннің жылыйтын түрі жоқ. Алдағы уақытта ауа райының қалай құбылатындығын қазір біз Қазгидромент маманынан сұрап көрейік. Бізбен елордадан тікелей байланыста Айгүл Алданбергенова . 

— Қайырлы күн.  Айгүл ханым жұрттың тіршілігін тұралатып жатқан сарышұнақ аязға не себеп болып тұр? Осыны айтып жіберсеңіз.

— Қазір Республикамызда байқалып отырған қатты аяздарға Арктикадан келген суық антициклон себепші болып отыр.

— Осы суықтан еліміздің 14 қаласында ауаның ластанып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр, бұл қаншалықты рас? Және де аяздың атмосфераға тағы қандай зияны бар?


— Иә, қазір желсіз ауа райы байқалғандықтан атмосферада ластануыш заттардың жиналуы байқалып отыр. Бірақта атмосфераға аяздың зияны бар деп айтылған сөз дұрыс емес сөз. Бұған себеп желсіз ауа райы болып отыр.

— Енді, көптің көкейін тескен сұрақ күн қашан жылыйды? Жалпы алдағы уақытта ауа райы қалай құбылмақ?

— Бұл қатты аяздар аптаның соңына дейін сақталады. Тек келесі аптаның басынан бастап аяз басылмақ

— Жағымды ақпаратыңызға рақмет. Тікелей эфирде ауа райына қатысты Қазгидроменттің болжамын айтып берген аға инженер Айгүл Алданбергенова болатын.

Соңғы жаңалықтар