Ұялы байланыс операторлары 220 млрд теңгеден астам табыс тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұялы байланыс операторлары 220 млрд теңгеден астам табыс тапты

Ұялы байланыс операторлары 220 млрд теңгеден астам табыс тапты

2017 жылы Қазақстанда 702,8 млрд теңгеге байланыс құралдары сатып алынды.

  • 14 Қаңтар 2018
  • 155
Фото - Caravan.kz

Яғни 2016 жылға қарағанда 3,3% көрсеткішімен басып озды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Статистика жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша қала аралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерінің көлемі жыл ішінде 30 млрд теңгені құрады, бұл салыстырмалы бағамен өткен жылғы көлемнен 8,7% аз. Жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету кезінде компаниялар 40,9 млрд теңге табыс тапты (яғни 6,6 % аз), интернет байланысымен қамтамасыз ету бойынша — 228,6 млрд теңге (11,8% артық), ал ұялы байланыс бойынша — 220,9 млрд теңгені (0,3% көп) құрап отыр.

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлесі интернет желісіне (32,5%), ұялы байланысқа (31,5%), телекоммуникация қызметтеріне (17%), жергілікті телефон байланысына (5,8%), қала аралық және халықаралық байланысқа (4,3%) тиді.


2017 жылғы желтоқсанда стационарлық телефон желілерінің саны шамамен 3,7 миллионды құраса (бір жыл ішінде — 5,9% төмендеді), ұялы байланыс абоненттері — 26,4 млн (4,2% өсті), интернеті бар ұялы байланыс абоненттері — 13,8 млн (15,1% өсті) және тіркелген интернет абоненттері — 2,6 млн теңге болды (11,8%-ға өсті).

Соңғы жаңалықтар