"Ұят болады деп некеге тұруға мәжбүр": Шымкентте қыз алып қашу фактілері азаймай тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұят болады деп некеге тұруға мәжбүр": Шымкентте қыз алып қашу фактілері азаймай тұр

"Ұят болады деп некеге тұруға мәжбүр": Шымкентте қыз алып қашу фактілері азаймай тұр

Шымкентте қыз алып қашу фактілері азаяр емес. Мәселен, соңғы екі жылда 25 дерек тіркелген.

  • 19 Қазан 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Аталған фактілер бойынша қылмыстық істердің барлығы қылмыс  құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, негізінен қалыңдықтардың өздері «күйеу жігіттің» үйіне өз еркімен келгені туралы арыздары бойынша. Өкінішке қарай, келіншектер сәтсіз некеден кейін отбасы үшін ұят болады деп қорқып, некеге тұруға мәжбүр”, – делінген Шымкент қалалық прокуратурасының хабарламасында.

Қала прокуроры Ғабит Мұқановтың айтуынша, неке алдау мен зорлық-зомбылықтан басталмауы керек. Бұл ретте барлық әлеуетті күйеу жігіттер мұндай қадамдар үшін жазаның ауырлығын, ал «игі іс» деп санайтын оларға көмектесетіндер оған қауіп төндіретін жауапкершілігін түсінбейді.

Дегенмен, қалыңдықты алып қашуға байланысты әрекеттер мән-жайларға байланысты адамды ұрлау (ҚК-нің 125-бабы, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған) немесе бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК-тің 126-бабы, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көздеген) деп саралануы мүмкін. Аталған баптар бойынша қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер жариялы айыптау iстерi болып есептеледі. Мұндай жағдайларда бұл iстер бойынша қылмыстық қудалау жәбiрленушiнiң шағым берген-бермегеніне қарамастан жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Таразда қыз алып қашқаны үшін Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары сотталды.

Соңғы жаңалықтар