"Ұят екен бір күйеуден ажырасып, тағы күйеуге тиген": Жеке өміріне қатысты бұрын-соңды айтылмаған құпиясымен бөліскен Мөлдір Әуелбекова ұятқа қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұят екен бір күйеуден ажырасып, тағы күйеуге тиген": Жеке өміріне қатысты бұрын-соңды айтылмаған құпиясымен бөліскен Мөлдір Әуелбекова ұятқа қалды

"Ұят екен бір күйеуден ажырасып, тағы күйеуге тиген": Жеке өміріне қатысты бұрын-соңды айтылмаған құпиясымен бөліскен Мөлдір Әуелбекова ұятқа қалды

Талантты әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова алғаш рет екі күйеуі жайлы құпиясымен бөлісті.

  • 19 Ақпан
  • 696
Фото - Caravan.kz

Өнер иесі жан сырын желідегі парақшасында ақтарған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Оқырмандардың сұрағына жауап берген әнші, екі күйеуінің де өзі мен балаларын асырап, баққан емес екендігін ашып айтты. 

"Менің жағдайым басқаларға қарағанда өзгешелеу. Екі күйеуім де мені асырап, баққан жоқ. Яғни, мен ақшалай тәуелді болмадым. Сол себепті, маған күйеусіз ары қарай өмір сүріп кету қиын болмады. Оның үстіне бірінші күйеуіммен толыққанды бірге тұрмадым. Ол жұмыс бабымен басқа қалада тұрды. Мен енеммен басқа қалада тұрдым.

Екіншісімен жеті ай ғана тұрдым. Екеуінде де, босана сала 20 күннен соң жұмысқа шықтым. Өзіме өзім қолдау болдым. Үйде, толыққанды декреттік демалыста отырған әйел болмадым. Сол үшін де маған ажырасуды бастан өткізу жеңілірек болды. Түбегейлі жұмысқа кірісіп, күйзелістен оңай шықтым. Оның үстіне жанымда ата-анам қолдаушы болды. Сол үшін де ажырасу кезеңіндегі қиындық әр отбасы болатын жағдайға байланысты", — деді әнші.

Десе де көпшілік әншінің бұл жауабын қатаң сынға алған. Олар: 

"Ол тек сылтау! Мен тәуелді болмаймын оның айлығына деп риза болмай сахнаға шығамын, гастрольге тойға барып тыңдамай кетіп қалғанын!", "Қатын бастан бала жастан деген осы. Жігіттер ақша көріп, ақша ұстап қалған қатыннан сақ болыңдар! Ұзакка бармайсыңдар", "Ұят екен күйеуден ажырасып, тағы күйеуге тиіп, күйеулері асырамады деп жамандағаны дұрыс емес, бұрынғы апа-әжелеріміз мықты болған екен, күйеуі қайтыс болса да 8-10 бала-шағасын жалғыз бағып,оқытып, күйеуге тиюді ойламаған" деген пікірлерін жаудырып жатыр.