Жарияланды: 31300

"Ұят та болса сұрауға мәжбүрмін": Алмат Сақатов халықтан көмек сұрады (видео)

"Ұят та болса сұрауға мәжбүрмін": Алмат Сақатов халықтан көмек сұрады (видео)

Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желіде халықтан қаржылай көмек сұрап, видео жариялады. Ол өзінің туған жиеніне ем үшін ақша керек екенін айтуға мәжбүр болды.

Соңғы жағдайларға қатысты бір жылдан бері жұмысыз отырғанын, табыстан қағылғанын айтқан актер "кезінде өзім де талай адамға көмектестім, ендігі кезек сіздерде",- деп ағынан жарылды.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Ассалаумағалейкүм! Ардақты ағайын! Заман түзуде ешкімге қол созып көрмеп едім. Әпкеңнің жылағаны ауыр тиді. Сырттан қарағанда өміріміз гүлдей. Бір жыл той тоқтап, концерт тоқтағалы осындай дәрежеге әкеліп соқты. Көмек сұрағанның бәріне көмектесе алмасақ та, бірталай адамға қол ұшын беріп едім. Көп емес жүз теңге салсаңыздар да тәубә. Кешіріңдер! Көмектесем деген ағайын болса каспий голд 87026388897. Айғаным.С - деп шығады. Ел аман жұрт тыныш болсын." - деп жәрдем сұрап жазба қалдырды.

"Әр түскен ақшаның квитогін сториске салып отырам. Ұяттау нәрсе мен сияқты жігітке. Бірақ тығырыққа тірелдім. Не істейм????",- деп жазды шарасыздық күй танытқан Алмат Сақатов.

Желідегі оқырмандар: "Алладан шипа сұраңыз, шипасын берсін","Алла жар болсын", "жазылып кетсін", "Қолымыздан келгенше көмек береміз аға" ,- деген пікірлер жазды.

Көпшілік: "Ассалаумағалейкүм аға! Ұят ешнәрсесі жоқ, Алладан келген дерт, Алла шипасын берсін! Егер шын мәнінде Алладан пәрмен келсе Хан да бір секундта құлға айналады. Сол себепті ешқашан мойымаңыздар. Балапан ертең-ақ сауығып ел дейтін ер азамат болып өссін", - деген сынды ізгі тілектер де қалдырып жатыр.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін