Жарияланды: 110

Ұятсыз суреттерін әлеуметтік желіден көрген бойжеткен суицид жасамақ болды

Ұятсыз суреттерін әлеуметтік желіден көрген бойжеткен суицид жасамақ болды

Алданған қыз суреттерінің желіде тарағанын достарынан естіпті.

Добла өз құрбанымен Snapchat арқылы хабарласып, өзін Уилл есімді азаматпын деп таныстырып, онымен кездескісі келетінін айтқан. Артынша қызды толық екеніне сендіріп, одан жейтін тамағының, киетін киімінің суреттерін сұрапты, деп хабарлайды Stan.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Артынша ол қыздан интимді суреттері мен видеоларын жіберуін сұрап, оларды желіде жариялап жіберген. Алданған қыз суреттерінің желіде тарағанын достарынан естіпті.

Қыздың айтуынша, ол Добламен сөйлесіп жүрген кезде арықтап, тұйық бола бастаған. Тіпті, сымбатының мінсіз емес екеніне сеніп қалыпты. Сонымен қатар ол жұмысынан кетуге мәжбүр болып, артынша өзіне қол жұмсамақ болады.

Оқиғадан кейін полиция Добланы тауып, тұтқындады. Ол өз қылмысын мойындап, 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін