Ұяттары жоқ: атышулы Айжан Байзақова өзін адамдардың пайдаланып кететінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұяттары жоқ: атышулы Айжан Байзақова өзін адамдардың пайдаланып кететінін айтты

Ұяттары жоқ: атышулы Айжан Байзақова өзін адамдардың пайдаланып кететінін айтты

Бейтаныс аруға 80 мың теңге берген атышулы Айжан Байзақова бұдан былай ешкімге көмектеспейтінін мәлімдеді.

  • 24 Тамыз 2018
  • 311
Фото - Caravan.kz


Айтуынша, бір рет көмек қолын бергеннен кейін адамдар одан қайта-қайта ақша сұрайтын көрінеді, деп жазды sn.kz

"Егер мен қате айтсам құдай өзі кешірсін. Екі апта бұрын маған бір жас қыз жағдайының қиын екенін жазды. Әкесі қайтыс болып кеткенін және пәтерге төлеуге ақшасы жоқ екенін айтты. Жаным ашып 80 мың теңге беріп жібердім. Ол қызға сеніп қалдым. Енді бүгін сол қыз тағы ақша сұрап отыр. Бірақ мен ақшаны миллиондап туып жатқан жоқпын ғой", — деп жазды Байзақова.

Сондай-ақ, блогер өзінің ақкөңілділігін адамдардың пайдаланып кететінін де айтады.

Еске салайық, осыдан бірнеше ай бұрын Байзақова өзінен көмек сұраған көпбалалы ананы "Саған бала ту демедім" деп ұрсып тастаған болатын.

Соңғы жаңалықтар