Олар қор атынан мақтау қағаздары мен төсбелгілерін алды. Байқауға қатысқан 200-ге жуық студенттің ішінен жүйрік шыққандарды арнайы коммиссия ғылыми жұмыстарына баға беріп анықтаған. Басымдық отандық өндіріске қажетті, маңызды ғылыми жобаларды дайындағандарға беріліпті. Енді үздік шыққан жас ғалымдар алдағы уақытта қордың қолдауына ие болмақ.
Дмитрий Корулькин, Тұңғыш Президент Қоры Үйлестіру кеңесі директорының орынбасары:
-Енді жеңімпаздарға үлкен мүмкіндіктер беріледі. Оларды білімін шыңдай түсуі үшін ғылыми орталықтарға апарып, түрлі конференцияларға қатыстырамыз. Жеңімпаздар өздерінің осы жетістіктерін арттыра түсуі керек. Ол үшін, керек болса, ғылыми гранттар да бөлеміз.