Үздік корей сериалдары - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үздік корей сериалдары

Үздік корей сериалдары

Қазіргі таңда корей сериалдары елімізде өте танымал. Корей сериалдарын "дорама" - деп айтып жатады. Ғаламторда дорамалардың түр-түрін таба аласыздар.

  • 3 Қазан 2018
  • 1877
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы корейдің үздік сериалдарын назарларыңызға ұсынады.

ЖІГІТТІҢ САБАЗДАРЫ

Сипаттамасы: Чан Ди — Химиялық тазалаумен айналысатын отбасының қарапайым қызы. Бір күні, Чан Ди кілең зиялылардың балалары оқитын мектепке жуылған киімді апарып беремін деп, кездейсоқ сол жерде оқып жүрген бір баланы құтқарып қалады. Сол үшін осы мектепке оқуға арнайы шәкіртақыны ұтып алады. Мектепте бай, еркектотай балалармен қақтығысып қала беретін болады. Бұл мектепті ұнамайтын балаларды қинағанды жақсы көретін F4 атпен танымал төрттік ұстайды екен. Және қызуқанды Чан Ди осы танымал топтың ызасына тиіп үлгереді. Бұған жауап беретін күн де алыс емес…

Басты рөлдерде: Гу Хе Сон, Ли Мин Хо, Ким Хе Джун, Ким Бум, Ким Джон

ҚҰПИЯ

Сериалдың сипаттамасы: Мин Хёк (Чжи Сон) — сүйіктісінен айрылып қалғаннан кейін, оны қағып кеткен адамнан өшімді аламын деп өзіне серт берген суық жан. Ал Ю Чжон (Хван Чжон Ым) кез-келген адамға көмектсеуге дайын, сүйген адамының қылмысын өзінің мойнына алады, ал оның сүйгені сотта прокурор болады. 

Басты рөлдерде: Чжи Сон мен Хван Чжон Ым

Сотталушы

Сипаттамасы: Пак Чон У (Чжи Сон) мен Со Ын Хе (Юри) әділеттілік үшін, шындық үшін жанын беруге дайын мемлекеттік қызметкерлер. Бір күні Пак Чон У ұйқыдан оянғанда түрмеде жатқанын біледі, уақытша амнезия ауруымен ауырады. Кейін өзіне жалған жала жауып түрмеге түскенін біледі, ол енді өзінің кінәсі жоқ екенін дәлдеу керек.

Гу Әулетінің шежіресі


Сипаттамасы: Қиял-ғажайыпқа толы оқиғаның басты кейіпкері — жартыкеш адам, жартыкеш құдай. Корей фольклорында Кумихо туралы атақты аңыз бар. Сол Кумихо осы туындыда адам бейнесінде сомдалады. Чхве Кан Чи негізі Кумихоның ұлы. Әкесі жауыздардың қолынан қаза тапқаннан кейін, анасы оны мәжбүрлікпен сәби шағында өзенге ағызып жібереді. Оны бір отбасы тауып алып, асырап алады. Кан Чи киелі бала болғандықтан, оның пайда болуы сол отбасына бақыт пен береке әкеледі. Бірақ жауыздар қашанда жауыздығын жасайды. Бір күні Кан Чидің отбасына қауіп төнеді. Шешуші сағат таяу қалады. Кан Чи не мәңгі адам кейпінде қалады не мәңгі құбыжыққа айналады.

Жүрегімде қалған күз

Сипаттамасы:

Бақытты отбасында Джун Со мен Ын Со ағалы-қарындас болып бірге өседі. Бірақ Ын Со көлік апатына ұшырап, жарақатына байланысты отбасы мүшелері ауруханаға қан тапсырғаннан кейін өмірлері түбегейлі өзгереді. Ын Соның қан тобы отбасы мүшелерінің ешқайсымен сәйкес келмейді, оны туғанда басқа қызбен ауыстырып алған екен. Бәрі анықталған соң Ын Со өз туған әке-шешесіне тапсырылады, ал Джун Соның отбасы АҚШ-қа көшіп кетеді.

Біраз жыл өткен соң Джун Со Кореяға қайта оралып, Ын Соны кездестіреді. Екеуі бір салада жұмыс жасап, көп көріседі. Ағалы-қарындас болып өскен екеуінің сезімі өзгеше күйге ене бастайды. Тілеп алмаған махаббатты қабылдау екеуіне де ауыр болады. Олар ғана емес, сөз байласқан сүйіктілері де қайғырады, ата-анасы ешқашан кешірмейміз деп қарғысын жаудырады. Қос ғашықтың ендігі амалы не болмақ?

 

Соңғы жаңалықтар