Үздік түрік сериалдары - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үздік түрік сериалдары

Үздік түрік сериалдары

Бос уақытыңызда сериал көргіңіз келе ме? Ендеше Caravan.kz медиа порталы түріктің үздік сериалдарын назарларыңызға ұсынады.

  • 1 Қазан 2018
  • 765
Фото - Caravan.kz

Өшпес махаббат

Басты рөлдерде: Бурак Озчивит, Неслихан Атагүл
Көрсетілім жағынан Түркияда жоғары рейтинг алған сериал. Басты рөлді “Сұлтан Сүлеймен” телехикаясындағы Вали бей образымен біздің көрерменге таныс атақты актер Бурак Өзчивит ойнайды. Оның партнері жас та болса тәжірибелі, талантты Неслихан Атагүл. Басы тәтті болып басталған махаббат оқиғасының арты қатты. Қыз шарасыздықтан сүйіктісіне емес, сүйкімсізге күйеуге шықты. Іштегі дертін ғашығынан жасырды. Махаббатына жасалған қиянатқа шыдамаған жігіт кек алуды ойластырады.

Үзілген жапырақтар

Басты рөлдерде: Халил Эргюн, Гювен Хокна, Бенну Йылдырымлар, Дениз Чакыр, Гокче Бахадыр, Фахрие Эвджен
Телехикая сипаттамасы: Али Рыза бей бес баласына жақсы тәрбие беріп, адам қылып өсіреді. Бір әділетсіздікке көз жұмып қарай алмағаны үшін атқарған әкімдік қызметінен бас тартады. Қызы Неджла Стамбұлда университетке түседі. Содан соң отбасы Стамбұлға өздерінің ескі үйіне көшіп келеді.

Асау жүрек

Басты рөлдерде: Кенан Имирзалыоғлы, Ахмет Инілмез
Асау Жүрек – режиссер Осман Синавтың атыс-шабыс жанрндағы сериалы. Сериал 1998 жылы маусымның 5 күні Show TV арнасында алғаш көрсетілді.

Сүлеймен Сұлтан


Басты рөлдерде: Халит Ергенч, Мерьем Үзерлі
Хикаяда I Сүлейменнің билігі кезіндегі тарихи жайттар мен оның Қырым хандығынан әкелінген украин күңі Хүррем сұлтанмен қарым-қатынасы көрсетіледі. Хан сарайына оны Паргалы Ибраһим паша алып келген болатын. Дегенмен өзінің билігін жүргізу мақсатында Хүррем сұлтан барлық жауларын жояды.

Уәде

Жауынгерлер жайлы, ел қамы үшін кеудесін оққа тосқандарға арналған сериал. Өзге діндегілерге қарсы арнайы топ жайлы Түріктің 2017 жылы шығарған үздік сериалдарының бірі.

Соңғы жаңалықтар