Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше елдер ұйымының Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 18-19- маусымда Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық Қауіпсіздік  Келісіміне мүше елдер ұйымының Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 18-19- маусымда Астанада өтеді

Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше елдер ұйымының Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 18-19- маусымда Астанада өтеді

Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше елдер ұйымының Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 18-19- маусымда Астанада өтеді. Бұл туралы бүгін, 12-мамырда Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге мүше елдер ұйымының Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Николай Бордюжа Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 12 Мамыр 2004
  • 511
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мемлекет басшысымен кездесуде «Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге мүше елдер ұйымының іс-қызметін қазіргі заманғы қауіп-қатерлергое бейімдеуге қатысты кейбір нақты көзқарастар туралы, ұйымның дамуы, соның ішінде сыртқы саясатты өзара үйлестіру перспективаларына қатысты мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіді»,- деді Н.Бордюжа.

Н.Бордюжа осы орайда «Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге мүше елдер ұйымы заң жүзінде былтыр құрылған. Бірақ өткен бір жылда біз оны қағаз жүзіндегі ұйымнан іс жүзіндегі ұйымға айналдыруға жұмыс істедік. Осы бір жылда ұйым БҰҰ-да тіркеліп, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім-шарты ұйымы БҰҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие болды»,- деп атап өтті. «Біз саяси экстремизмге қарсы тұру шараларының жоспарын дәйектеп, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім-шарты ұйымына мүше елдер арасындағы виза саясатын үйлестіруге нақты қадамдар жасадық». «Соның нәтижесінде қазір ұйымның аяғынан тік тұрғанын нақты факт ретінде айта аламыз»,- деді Н.Бордюжа.
Оның айтуынша, » бүгінде Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім-шарты ұйымын бұрынғыдай әскери қауіп-қатердің орнына, мүлдем басқаша сипаттағы лаңкестік деген қауіппен бетпе-бет келген қазіргі ахуалға бейімдеуге талпыныстар жасалуда». Осыған байланысты бас хатшының пайымдауынша, «ендігі жерде Орталық Азия аймағындағы Ұжымдық шұғыл әрекет етуші күштер мен қазіргі бар аймақтық топтарды жетілдіру талабы қойылып отыр». «Қазақстан президентімен болған кездесуде біз Ұжымдық шұғыл әрекет етуші күштер құрамындағы батальондарды тек түрлі әскер түрлері қатысқан жекелеген іс-қимылдарға қатыстырып қана қоймай, заңсыз есірткі айналымына қарсы тұруға, есірткі тасымалының арналарын жабуға, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім-шарты ұйымына мүше елдер аумағына заңсыз еніп кеткен түрлі лаңкестік топтарға қарсы бірлескен операцияларға қатыстыру мүмкіндіктері туралы дәйектедік»,- деді Н.Бордюжа. Оның айтуынша, «Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісім-шарты ұйымына мүше елдер аумағының оңтүстік шекарасында, соның ішінде Ауғанстандағы ахуал әзірге тұрақты болғанымен, дәл қазір бейқамдыққа жол бере қоятындай қолайлы жағдай қалыптасқан жоқ». «Талибан қозғалысы мен басқа да экстремистік-лаңкестік топтардың іс-қызметтерін қайтадан жандандыруға деген талпыныстары байқалуда»,- деп ескертті Н.Бордюжа. Сонымен бірге оның пайымдауынша, «Ауғанстандағы әскери және құқық қорғау құрылымдарының әлі де болса босаңдығы жалпы ахуалға өзіндік әсерін тигізіп отыр. Менің пікірімше, ахуал біз күткендей тұрақтылыққа әлі де табан тіреген жоқ»,- деді Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге мүше елдер ұйымының Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы.