Жарияланды: 770

Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Санкт-Петербург қаласында бас қосады

Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары 16-17-сәуірде Санкт-Петербург қаласында өтетін кездесу барысында ласкестікпен және заңсыз есірткі айналымымен бірлескен күрес тетіктерін ойластыра бастайды. Бұл туралы KZ-today ақпараттық агенттігінің Душанбедегі тілшісіне Тәжікстан қауіпсіздік кеңесінің аппаратынан хабарлады. Аталмыш мекеме төрағасы Әмірқұл Әзімов та отырысқа қатысады.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше елдердің аумағындағы қауіпсіздікті нығайту, ұйымға мүше елдерге арнап әскери кадр дайындауға қажетті құқықтық кеңістік қалыптастыру мәселелерін талқылайды. Қауіпсіздік кеңесі аппаратының ақпаратына сәйкес, Санкт-Петербург қаласында сонымен бірге ТМД парламентаралық ассамблеясы мен Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысын өткізу межеленіп отыр. Онда Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше елдердің ласкестікпен және заңсыз есірткі айналымымен бірлескен күрес жөніндегі заңнамаларын өзара үйлестіру және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады. Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары мүше.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін