Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сарапшылары бірыңғай визалық және миграциялық кеңістікті құру мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сарапшылары бірыңғай визалық және миграциялық кеңістікті құру мәселелерін талқылады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сарапшылары бірыңғай визалық және миграциялық кеңістікті құру мәселелерін талқылады

Мәскеу. 27-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Сейсенбі күні Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктері, көші-қон мекемелері, ішкі істер органдары мен шекара қызметінің сарапшыларының бірыңғай визалық және миграциялық кеңістікті құру мәселесі жөніндегі кеңесі болып өтті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Ақпан 2008
  • 545
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында ұйымға мүше мемлекеттердің арасындағы адамдар, тауарлар мен капиталдың еркін және қауіпсіз айналымын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамыту үшін күн сайын күшейіп келе жатқан қауіп-қатерлерге, оның ішінде ұлтаралық ұйымдасқан қылмыс, лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз миграция мен кибернетикалық қылмысқа қарсы тиімді әрекет қолдану керектігі атап өтілді.

«Осыған байланысты келісілген шекаралық, миграциялық және визалық саясатты қалыптастыру үшін ұйымға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының өзара тығыз іс-қимылы, иммиграциялық қадағалау шараларын үйлестіру, сыртқы шекараны нығайту қажет», — деп хабарлады Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа.

«Кеңес барысында жұмыстың алғашқы кезеңінде ЕврАзЭҚ-пен бірлесе отырып уағдаласқан визалық саясат және бірыңғай миграциялық кеңістік құруда ортақ әдістемелер жасау және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік ассамблеясымен ықпалдаса отырып ұйымға мүше мемлекеттердің азаматтарының ұйым шеңберінде жүріп-тұруы саласында нормативтік-құқықтық базаның сараптамасын жасау орынды деп танылды», — деп атап көрсетті Н. Бордюжа.

Сонымен бірге ұйымның бас хатшысы жақын арада «Еуразиялық Шенгеннің» құрылуын күтудің қажеті жоқ екенін атап көрсетті. Өйткені, түйіні қатты, бірақ шешілуі керек мәселелер жетерлік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті