Ұзынағаш стансасына жолаушыларды автобустар тегін жеткізетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұзынағаш стансасына жолаушыларды автобустар тегін жеткізетін болады

Ұзынағаш стансасына жолаушыларды автобустар тегін жеткізетін болады

Алматыдан Ұзынағаш пен Қапшағайға қатынайтын пойыздар іске қосылғалы бері 1,5 ай өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 2 Қазан 2017
  • 320
Фото - Caravan.kz

Бұл көлік Алматы агломерациясын дамыту бағдарламасы аясында ашылды.

Қалалық Көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исаховтың айтуынша, алматылықтар арасында бұл қатынас құралына сұраныс көп.

«Қапшағай бағытындағы жолаушылар ағыны алғашқыдағыдан 2 есе артты. Тәулігіне 700 жолаушы қатынайды. Ұзынағаш бағытына келсек, жолаушылар ағыны байқалмайды. Себебі, мұнда «Қазақстан темір жолы» компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 10 қазанға дейін аталған учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталады», — деді М.Исахов.

Қазір Ұзынағаш бағытында жол жүру кестесі ыңғайсыздық тудырып отыр. Пойыздар адамдар жете алмайтын жерлерге тоқтап жүр.


«10 қазаннан бастап «Тұран Экспресс» компаниясы жолаушыларды  ауылдардан пойыз стансасына дейін тегін жеткізетін автобустар шығарады», — деді ол.

Сырттан қатынайтын пойыздарда жол жүру құны 80 теңге, «Оңай» жүйесімен төлеуге болады.

Алматы әкімдігі осы бағытта 280 млн теңге демеуқаржы бөліп отыр.

Соңғы жаңалықтар