Ұзынағаштағы ағайындылардың өліміне қатысы барлар екеуден де көп болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұзынағаштағы ағайындылардың өліміне қатысы барлар екеуден де көп болып шықты

Ұзынағаштағы ағайындылардың өліміне қатысы барлар екеуден де көп болып шықты

Ұзынағаштағы мал базарына 40 ірі қараны сатамыз деп шыққан үш ағайындының өліміне қатысы барлар екеуден көп болып шықты.

  • 29 Қазан 2016
  • 1369
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Талғат Сүлейменов есімді үшінші адамның ұсталғанын айтқан Алматы облысының прокуратурасы, бүкіл халықты өре түрегелткен оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеудің бүгін аяқталғанын жеткізді.

Үш ағайындыны Ұзынағаш ауылынан 200 шақырым жерге апарып өлтіріп, құмға көміп кеткен екі күдіктіні қамау мерзімі 24 қарашаға дейін ұзартылды. Яғни, атышулы сот ісі тура 1 айдан соң басталуы мүмкін. Ал, ұсталған үшінші адам «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша айыпты деп танылды.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйек күні,
Ұзынағаш базарында мал сатумен айналысқан үш жігіттің жоғалып кеткендігі хабарланған
. 1979 жылы туған Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттер қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Қазаға ұшыраған азаматтардың жақындарыкеше Сот сараптамалық орталығынан үш мәйітті Алматы облысы Көксу ауданына алып кетті.

Соңғы жаңалықтар