В. Храпуновтың ата-енесі Алматыда ұшақтарына міне алмай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В. Храпуновтың ата-енесі Алматыда ұшақтарына міне алмай қалды

В. Храпуновтың ата-енесі Алматыда ұшақтарына міне алмай қалды

Бұрынғы қазақстандық шенеунік Виктор Храпуновтың ата-енесі Алматы әуежайында ұшақтарына міне алмай қалды. Құқық қорғау орындарының қызметкерлері олардың осылайша екі рет жолын бөгеген. Бірінде Түркиядағы демалыстан қағылса, ал кеше Мәскеуге емделуге бара жатқанда жолдары кесілді.

  • 1 Маусым 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

Виктор Храпуновтың өзі Алматы қаласын және Төтенше жағдайлар министрлігін басқаруымен жұрттың есінде қалған болатын. Қызметі шуға ұласқанда, ол Швейцарияға кетіп қалған. Қазіргі таңда сол елдің ең бай 300 адамының қатарында. Ұлы Ильяс Храпунов құны 147 млн. франкті құрайтын “Менің жағажайым” атты жобаға кіріскен. Алайда еліміздің Қаржы полициясы шенеуніктің қаржылық әлеуетін тексеруге енді ғана құлшына кірісті. “Ата-анамның ұшақтан қалдырылуы осыған байланысты” деп мұң шақты бұрынғы шенеуніктің жұбайы Ләйла Храпунова. Оның әке-шешесі – 81 жастағы Қалибек Данияров пен  72-дегі Рассила әжей әу баста Түркияға демалысқа аттанбақ болған, алайда оларға ұшаққа отыруға рұқсат берілмепті. Қарияның жүрегі қысылып,дереу аурханаға жеткізілген. Ал кеше Мәскеуге емделуге аттанбақ болғанда оларды Халықаралық әуежайда Қаржы полициясы тоқтатқан.  Екі сағатқа жуық жауап алған соң ғана ұшуға рұқсат беріліпті. Қаржы полициясы мұндай әрекетке не себеп болғаны туралы әзірге ресми ақпарат беруден бас тартты.


Қ. Данияровтың жүргізушісі
:

— Кеден қызметі келіп, бұл кісілерге «ұшуға болмайды»деді, неге екенін түсіндірмеді. Кейін әуежай президенті келіп,қосымша залға әкелді, «күтіңіздер»деді. Қаржы полициясының қызметкерлері келіп,жауап алды. Содан соң ғана ұшуға рұқсат  берді.

Соңғы жаңалықтар