Вайнерлер Қазақстандағы бензин тапшылығын күлкіге айналдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вайнерлер Қазақстандағы бензин тапшылығын күлкіге айналдырды

Вайнерлер Қазақстандағы бензин тапшылығын күлкіге айналдырды

Қазақстандық вайнерлер Серғазы Тоқтарбек (sekavines) пен TerriTima еліміздегі бензин тапшылығы жайында ролик түсірді. Видео вайнерлердің

  • 9 Қазан 2017
  • 391
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық вайнерлер Серғазы Тоқтарбек (sekavines) пен TerriTima еліміздегі бензин тапшылығы жайында ролик түсірді. Видео вайнерлердің Instagram парақшаларында жарияланып, әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Осыған дейін де қазақстандық вайнерлер әнші Ерке Есмаханның "Алматыда жоқ-жоқ" әнін қайта орындап шыққан болатын. Айта кетейік, осымен бірнеше күн бойы еліміздің бірнеше өңірінде бензин тапшылығы байқалып отыр. Мысалы, Алматыда 5 қазаннан бастап бензин тапшылығы байқалды. Тіпті кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы 170 теңгеге дейін қымбаттады. Ал кейбіреулері тек талонмен сатып жатты. Сол себепті жүргізушілер ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр болды.