Вакцина салдырғандар арасында 1 миллион долларға лоторея ойнатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вакцина салдырғандар арасында 1 миллион долларға лоторея ойнатылып жатыр

Вакцина салдырғандар арасында 1 миллион долларға лоторея ойнатылып жатыр

Вакцина салдырғандар арасында 1 миллион долларға лоторея ойнатылып жатыр.

  • 13 Мамыр 2021
  • 359
Фото - Caravan.kz

АҚШ-тағы Огайо штатында тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға ынталандыру үшін лотерея ұйымдастырылды. Жеңімпазға 1 миллион доллар ақшалай сыйлық беріледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Огайо губернаторы Майк Девайн ұтыс ойынына тек вакцина алған ересек тұрғындар қатысатынын айтты. Лотерея федералды үкіметтің коронавируспен күресуге бөлінген қаражатынан төленеді.

Вакцина салдырғандардың арасында апта сайын бір миллион доллар ойнатылады. Лотереяға қатысу үшін препараттың екінші дозасын алу міндетті емес.

"Кейбіреулер "Девайн, сен жындысың! Ақшаны ысырап етесің" деп айтуы мүмкін екенін білемін". Алайда қазір біз үшін тұрғындарымызды вакциналау өте маңызды, сондықтан кез келген әдісті қолдануға дайынбыз", — деп жазды губернатор Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет вакциналанған 18 жасқа дейінгі тұрғындарға да лотерея жасады. Оларда 1 миллион доллардың орнына Огайо университеттерінің бірінде оқуға төрт жылдық стипендия жеңіп алуға мүмкіндік бар. 


Бұрған дейін Нью-Джерсиде де ұқсас шара ұйымдастырлған. Штат губернаторы мамырда коронавирусқа қарсы вакцинацияланған әрбір ересек адамға бір стақан сыра беруге уәде етті.

Соңғы жаңалықтар