Валентин күні биыл да тойланғалы жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Валентин күні биыл да тойланғалы жатыр

Валентин күні биыл да тойланғалы жатыр

Елімізде Әулие Валентин күні деген атпен "махаббат мерекесі" 90-шы жылдардан бері тойланып келеді. Одан кейін бұның қазаққа мүлдем жат екені талай мәрте айтылғанына, тіпті өз ұлтымызға сай келетін Махаббат күні белгіленгеніне қарамастан, базбіреулер "Валентин күні" дегенді атап өтуін доғарар емес.  

  • 10 Ақпан 2017
  • 621
Фото - Caravan.kz

14 ақпан күні Алматыда "Жарылған жүректер мұражайы" ("Музей разбитых сердец") ашылатыны туралы Radiotochka.kz хабарлады. Ұйымдастырушылар жылдағыдай наразылықтың алдын алғысы келген болуы керек, халықтың жанды жерінен соғыпты. Яғни бұл шараға әлеуметтік жоба деген айдар таққан. Сөйтіп, отбасыларға, жасөспірімдер мен әйелдерге көмектесуді мақсат еткен. Айта кетейік, бұл шара Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының филиалында бір ай бойы өтеді.         

Ұйымдастырушылар мұражайда адамдардың жеке мәселелерін бөлісіп, олардың шешімін табуға мүмкіндік алатынын айтады. Тіпті жасөспірімдерді ересек өмірге, жынысаралық, отбасылық қарым-қатынасқа бейімдеу үшін шеберлік сыныптары өткізілмек екен.

Айта кету керек, соңғы кездері қоғамда 14 ақпанды Махаббат күні деп атап өтуге наразылық күшейіп тұр. Өйткені бұл жыл сайын кәдімгі жын-ойнақ күніне айналып кетеді. Сондықтан қазір елімізде оған
наразылық білдіріп жатқандар
өте көп.   

Соңғы жаңалықтар