Жарияланды: 620

Валюта айырбастау пункттерінде доллар бағамы 309-310 теңгеге дейін өсті

Валюта айырбастау пункттерінде доллар бағамы 309-310 теңгеге дейін өсті

Алматы және Астананың валюта айырбастау пункттері мен банк филиалдарында кешегімен салыстырғанда доллар бағамы 9-10 теңгеге өсті.

Қазақстан қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамына мониторинг жүргізетін kurs.kz сайтының ақпаратынша, Алматының валюта айырбастау пункттері долларды 307-307,5 теңгеге сатып алып, 309 - 309,5 теңгеге сатып жатыр.

Астананың валюта айырбастау пункттері долларды 302-308 теңгеден сатып алып, 308- 310 теңгеден сатуда.

Казкоммерцбанкте долларды 307 теңгеге сатып алып, 309 теңгеге сатып алуда.

Еуразиялық банкте долларды сатып алу-сату құны,  сәйкесінше, 308 және 309,9 теңгеден.

Халық банкінде долларды 307,14 теңгеге сатып алып, 309,14 теңгеден сатып жатыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін