Вашингтонда Қазақстанның әлемдегі қауіпсіздікті нығайту және дінаралық тағаттылық саласындағы тәжірибесі мен халықаралық бастамаларына арналған форум өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вашингтонда Қазақстанның әлемдегі қауіпсіздікті нығайту және дінаралық тағаттылық саласындағы тәжірибесі мен халықаралық бастамаларына арналған форум өтті

Вашингтонда Қазақстанның әлемдегі қауіпсіздікті нығайту және дінаралық тағаттылық саласындағы тәжірибесі мен халықаралық бастамаларына арналған форум өтті

Вашинтонның беделді зерттеу орталықтарының бірі - Potomac Institute for Policy Studies оралығында «Қазақстан-АҚШ стратегиялық серіктестігі:

  • 23 Маусым 2011
  • 438
Фото - Caravan.kz

өткеннің тәжірибесі мен болашақтың перспективасы» деген тақырыпта форум ұйымдастырылды.

Қазақстан Елшісі Ерлан Ыдырысов, орталықтың басшылығы және жетекші сарапшылары қатысқан бұл форумда Қазақстанның әлемдегі қауіпсіздікті нығайту және дінаралық тағаттылық саласындағы тәжірибесі мен халықаралық бастамалары талқыланды.

Е.Ыдырысов өз сөзінде, Қазақстан мен АҚШ-тың өткен 20 жылда бірлесіп қол жеткізген жетістіктеріне жеке тоқталып өтті. Жаппай қырып-жоятын қару-жарақты таратпау, өңірлік қауіпсіздікті нығайту салаларындағы ынтымақтастық шаралары, сондай-ақ Ауғанстанды өркендетуге Қазақстанның белсенді атсалысуы сияқты нақты мысалдар келтірген дипломат, «Сындарлылық, бірізділік, сенімділік және жауаптылық — Қазақстан саясатының негізгі қағидалары осылар», — деп атап көрсетті.

Елші өз сөзінде сондай-ақ қазақстандық қоғамда тағаттылықты сақтаудың мәдени-тарихи, ұлысаралық, діни және саяси сипаттарына тоқталып өтті. Қазақстан барлық діннің, этникалық топтардың, халықтар мен ұлттардың тең құқын қамтамасыз ететін, нақты және ашық саясат жүргізіп отыр. Дінаралық тағаттылықты сақтау — Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы басымдықтардың бірі.

Форум аясында сондай-ақ Қазақстан туралы «Ислам без вуали» кітабы таныстырылды. Кітаптың авторы — американдық журналист Клод Салхани.

Соңғы жаңалықтар