Вашингтонда төтенше жағдай жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вашингтонда төтенше жағдай жарияланды

Вашингтонда төтенше жағдай жарияланды

Американың Вашингтон штатында лай көшкіні салдарынан қайтыс болған тағы он адамның денесін тапты.

  • 26 Наурыз 2014
  • 426
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы британдық Би-Би-Ми телехабартарату корпорациясы мәлімдеді.

Табиғи зілзаладан құрбан болғандар саны 24 адамға жетті, әлі көптеген адамның тағдыры белгісіз.

Сенбі күні Вашингтон штатындағы Стилагуамиш өзені жағалауындағы балықшылар ауылын лай көшкіні басып қалған. Оған қатты нөсер себеп болған. Іздеу-құтқару жұмыстары қиындықтарға қарамастан жалғасуда.

Жағалауда орналасқан ауылдағы тұрғындарына қауіпсіз жерлерге баруға кеңес берілді. Осы оқиғаға байланысты АҚШ Президенті Барак Обама Вашингтонда төтенше жағдай жариялады.