ВГТРК қызметкері Антон Волошиннің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ВГТРК қызметкері Антон Волошиннің мәйіті табылды

ВГТРК қызметкері Антон Волошиннің мәйіті табылды

Өз дербестігін жариялаған Луганск Халық Республикасының баспасөз қызметі ВГТРК түсірілім тобының екінші мүшесі Антон Волошиннің қаза тапқаны туралы деректі растады.

  • 18 Маусым 2014
  • 432
Фото - Caravan.kz

"Иә, мәйіт табылды, дәлірек айтсақ, мәйіттің жекелеген сүйектері табылды.Олар Металлист поселкесінде минометтік атқылау болған жерде жатты", деді  ЛХР баспасөз қызметінің өкілі.

Агенттік өкілі «қаза тапқан екі журналист Антон Волошин мен Игорь Корнелюктің мәйіттері ертең туысқандарына беріледі», деді.



ВГТРК тілшісі И.Корнелюк сейсенбі күні Украинаның шығысындағы Луганск аумағын минометтік атқылау кезінде алған жарақаттан қайтыс болды. Бейнеинженер А.Волошин осы уақытқа дейін із-түссіз жоғалғандар сапында саналып келген болатын. Түсірілім тобының операторы Виктор Денисов аман қалған.