Вице-министр Теміртауда қара қар жаумас үшін қандай шаралар қолға алынғанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вице-министр Теміртауда қара қар жаумас үшін қандай шаралар қолға алынғанын түсіндірді

Вице-министр Теміртауда қара қар жаумас үшін қандай шаралар қолға алынғанын түсіндірді

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков Теміртау қаласында не себепті қара қар жауғанын түсіндіріп, аталған мәселенің үнемі бақылауда болатынын мәлімдеді.

  • 26 Қаңтар 2018
  • 264
Фото - Caravan.kz

ұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды. 

«Теміртауда жауған қара түсті қар туралы осыған дейін де біршама ақпарат берілді. Қазіргі таңда Өскемен, Алматы, тіпті Астана секілді қалаларда атмосфералық ауаның ластану жағдайлары тіркелді. Алдымен біз Теміртаудағы ахуалды зерттедік. Тәуелсіз сараптама жұмыстарын жүргізген экологтар мен қоғам белсенділеріне алғысымды білдіремін. Олардың шешіміне сәйкес, Теміртауда қоршаған ортаға сыртқы факторлар әсер етпеген. Бұл қалдықтардың барлығы да, шаң мен металл – ол аталған өңірдегі өндірістік кәсіпорындардың, жеке сектордың, автокөліктердің қалдықтары. Негізгі фактор – жайсыз метеожағдай», — деді министрдің орынбасары.

Ғани Сәдібековтің айтуынша, Теміртауда қаңтардың 1-14 аралығында жел соқпай, төмен температура сақталған. Салдарынан шаһардағы атмосфера ауасы ластанған.


«Біз «Арселор Миттал» кәсіпорнына «Қазгидромет» РМК болжамды метеожағдайлар туралы алдын ала мәлімет беріп отыру үшін арнайы келісімге келдік. Нәтижесінде аталған кәсіпорын жайсыз күндері қалдықтарды сыртқа шығаруды қысқартатын болады. Мұндай жағдай енді қайталанбас деген сенімдеміз», — деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Соңғы жаңалықтар