"Вирусқа сенбеген едім": Журналист Жанат Бақыттың ағасы пневмониядан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Вирусқа сенбеген едім": Журналист Жанат Бақыттың ағасы пневмониядан қайтыс болды

"Вирусқа сенбеген едім": Журналист Жанат Бақыттың ағасы пневмониядан қайтыс болды

Белгілі журналист Жанат Бақыттың туған ағасы пневмониядан қайтыс болды.

  • 6 Шiлде 2020
  • 1274
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы журналист Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ағам-ау, ағам… Аңқылдаған ақ бауырым.
Сенен айырылып қалам деп кім ойлаған. Аяғымен барған адамды табытпен алып шыққанымыз қалай? Реанимацияға аман қалу үшін түспей ме адам? Ендеше неге бәрі өлі күйінде шығып жатыр?
Бәрімізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірем деп үйленбей қалдың. Осы күзде үйленем деген едің. Тұяқ та қалдырмадың-ау…
Тамағы ауырып "Емделіп келем, иә? Олар мені өлтірмейді ғой?" деп кеткен еді. Ауырғанда дәрі таппадық тым болмаса, скорыйлар келмейді, келсе де еш жер қабылдамай, ақыры ІІМ госпиталіне он сағат жүріп әрең орналастырған едік, тек сүйегі шыққаны қалай??? Дәрігерлер сөйлеспейді, ештеңе айтпай бір қағаз ұстата салды. Пневмония жазылатын ауру еді ғой? Қалай емдеп жатыр өзі?
Шақ дегенде 4 күн бойы әрең хабарласып едім, бір дәрігер "Аппаратқа салатын шығармыз, бірақ дайын бол. Өлсе хабарын айтамыз" деп қоя салды. Бұл не деген сөз? 4 күн бойы не істеген? Барсаң жолатпайды. Ақыры 5-ші күні хабар келді…
Моргтегі кезекті көрсеңіз… Былай жалғаса берсе қырылып қаламыз ғой, көбі ер адам кетіп жатқанның.
"Вирусқа сенбейтін ең, енді сендің ба" дегендер… қатігез болмаңыздар. Пендеміз біз де, қателесу заңдылық.
Екі күнде үш азаматымыздан айырылдық…
Папаның қасында жаның жәннатта болсын, бауырым", — деп жазды Жанат Бақыт.

Соңғы жаңалықтар