Владимир Путин 8 мамырда РФ үкіметін басқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Владимир Путин 8 мамырда РФ үкіметін басқарады

Владимир Путин 8 мамырда РФ үкіметін басқарады

Мәскеу. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Единая Россия" саяси партиясының ІХ съезінде Владимир Путин өзінің президенттік өкілеттілігі аяқталған соң РФ-ның үкіметін басқаратынын растады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Мен «Единая Россия» мен өзге де партиялар қолдаған және Конституцияда көзделген мерзімде РФ үкіметін басқару туралы Дмитрий Медведевтің ұсынысын қабыл алдым», — деп мәлімдеді В. Путин.

В. Путиннің премьерлік кандидатурасы ресми түрде елдің сайланған президенті Дмитрий Медведевтің ұлықтау рәсімі өтетін 7 мамырда енгізіледі деп күтіліп отыр. РФ Мемлекеттік думасы оны үкімет басшысы етіп 8 мамыр күні кезектен тыс отырысында бекітуді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, В. Путин президент сайлауы болардан бұрын РФ премьер-министрі болуға келісімін берген. Бұл «Единая Россия» саяси партиясының съезінде болған-ды. Онда сонымен бірге РФ президенті орынтағына ресми түрде вице-премьер Дмитрий Медведевтің кандидатурасы ұсынылған болатын. Сол съезде Владимир Путин егер Дмитрий Медведев президенттікке сайлана қалған жағдайда үкіметті басқаруға дайын екенін мәлімдеген еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті