Владимир Путин кейде отбасымен ұсақ-түйек туралы сөйлесіп, түнгі сағат екіге дейін ұйықтамайтынын мәлім етті. Жеке өмірі туралы сауалға жауап берген Ресей басшысы: «Болашаққа жоспарларым бар, менде бәрі қалыпты»,- деді.
Алайда Путиннің жеке өмірі туралы деректер өте аз.
Людмила мен Владимир Путиндер 2013 жылдың маусым айында, отау құрғандарына 30 жылдай уақыт болғанда ажырасатындарын хабарлады. «Бұл біздің ортақ шешіміміз болды. Некеміз аяқталды. Біз бір-бірімізді өте сирек көреміз», — деп түсіндірді президент.
2014 жылдың сәуірінде Кремль сайтындағы Путиннің қысқа өмірбаянында оның зайыбы туралы жазба жойылды.
Енді «Ресей Президенттері» бөліміндегі Путинге қатысты соңғы жазба мынандай: «Қыздары Мария (1985 ж.) және Катерина (1986 ж.), деп жазады Утро.ru.