Владислав Челахтың түрмеде денсаулығы сыр берген - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Владислав Челахтың түрмеде денсаулығы сыр берген

Владислав Челахтың түрмеде денсаулығы сыр берген

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың түрмеде денсаулығы сыр берген. Светлана Ващенконың айтуынша, тар қапаста жатып, жадап-жүдеген ұлының жағдайы мәз емес көрінеді.

  • 11 Шiлде 2014
  • 317
Фото - Caravan.kz

Ұлы сотталғалы бері анасы онымен екі-ақ рет жүздесуге мүмкіндік алған. Соңғы барғанымда, Владиславтан маза қашқан дейді  анасы. Ал  бүйрегіне тас жиналып, денесін дақ басып кетіпті. Екі жыл бұрын Арқанкерген заставасында 14 сарбаз бен қорықшыны жер жастандырған Челах өмір бойына түрмеге жабылған еді. Алайда үкіммен келіспей, Біріккен Ұлттар ұйымына дейін арызданғанымен, өзгеріс болған жоқ. Ал ұлының жазықсыз екеніне Светлана Ващенко әлі де шүбә келтірмейді.


Светлана Ващенко, В.Челахтың анасы:

-Ол жұмыс істеуден толық бас тартқан. Мойынға ілінген айыппұлды қайтару үшін жұмыс істемейді де. Өйткені ол ешкімге ештеме берешек емес. Кінәсі жоқ. Жазықсыздан қамағаны былай тұрсын, ұлыма дұрыс қарап та жатқан жоқ.