Voice of Astana халықаралық байқауының алғашқы жеңімпазы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Voice of Astana халықаралық байқауының алғашқы жеңімпазы белгілі болды

Voice of Astana халықаралық байқауының алғашқы жеңімпазы белгілі болды

Бүгін Астанада өткен алғашқы Voice of Astana халықаралық байқауында Грузиядан келген Абесламидзе Автандил Гран-при иегері атанды.

  • 17 Маусым 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«31 арнаның» бас директоры Бағдат Қожахметов, Eurovision атқарушы директоры Николя Калиджоня, «А-Студионың» негізін қалаушы Байғали Серкебаев, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ресейлік танымал әнші Валерий Меладзе ең үздік Астана дауысының иесін таңдады.

Конкурстың екінші кезеңінде 20 қатысушы өздерінің авторлық әндерін немесе әлемдік хит әндерді орындады.
Түркия артисі Серап Синжир алғаш болып сахнаға шықты. Ол түрікше «Тыйым салынған махаббат» атты авторлық әнін шырқап, 50 ұпайға ие болды. Содан кейін Қазақстан намысын қорғайтын Бердібек Құлғараев өзінің ағылшын тіліндегі әнін шырқап, екінші кезеңде толық 66 балл алды. Бірінші кезеңде 64 балл алған болатын. Ресей Федерациясының атынан қатысқан Лилия Вельтман әйгілі әнші Уитни Хьюстонның I have nothing әнін орындап 58 ұпаймен бағаланды. Авторлық әнін орындаған эстониялық Ника Прокопеваға қазылар алқасы 58 балл қойды. Әзербайжан елінен келген Ильхам Назаров Confesso әнін орындап, 64 баллға ие болды. Ол тыңдармандард өзінің екі түрлі дауысымен таңқалдырды.

Израиль өкілі Катерина Марка болса 59 балл, бауырлас Қырғызстаннан келген Тола Турсунгалиев «АБК» тобының Қазақстанға да, Қырғызстанға да танымал әнін орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Қазылар алқасы Толаның бүгінгі өнерін 55 ұпаймен бағалады.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша 66 ұпаймен бірінші орында тұрған Элеонора Носова ресейлік әнші Полина Гагаринаның A million voices әнін шырқап, 57 ұпайға ие болды. Армениялық Song theater тобы Sunny хит әнін орындап 59 ұпай алды. Астанаға авторлық әнімен келген ресейлік қатысушы Камила Исмаилова 60 балл алса, бірінші кезеңде 65 ұпаймен қазылар алқасын таңқалдырған грузиялық Абесламидзе Автандил бүгін толық 66 ұпайға ие болды.

Қытайдың Шанхай қаласынан келген Бао Бао Лау Уитни Хьюстонның I will always love you әнін шырқады. Ұлыбританиядан келген Soldstone трилосы 65 ұпайға ие болды. Қазылар алқасы қытайлық әншінің орындауын 64 ұпаймен бағалады.Моңғолиялық Дулмад Сунрап болса екінші кезеңде 62 балл жинады. Болгариядан келген Никола Чочев ұлттық әнін шырқап, қазылар алқасынан 58 ұпай алды.

My portrait әнін орындаған италиялық Vinile Band жігіттерінің өнері 62 ұпаймен бағаланды. Үндістандық Шэрея Шарма хинди тілінде философиялық ән орындап, 60 балл алса, классикалық ән орындаған көрші өзбек елінен келген Матин Иногамов 64 ұпайға ие болды. Украиналық Татьяна Доманина ұлттық әндерінің бірін шырқап, 63 ұпай алса, байқаудың нүктесін қойған АҚШ-тан келген Сэдрина Шэри 64 балл алып, қазылардың жоғарғы ұпайына ие болды.


«Көрермен көзайымы» жүлдесіне өзбекстандық Матин Иногамов, «Астана туралы ең үздік ән» жүлдесіне ресейлік Элеонора Носова , «Үздік авторлық ән» номинациясына АҚШ әншісі Сэдрина Шэри ие болды.
Байқаудың 3-орын иегері Әзербайжан елінен келген Ильхам Назаров атанды. Оған 990 мың сыйақы табысталды. 2-орынға Қытай әншісі Бао Бао Лин мен Украина әншісі Татьяна Доманина ие болып, әрқайсысы 1 млн 650 мың ақшалай сыйлықпен марапатталды. Қазақстан атынан қатысқан Бердібек Құлғараев пен Ұлыбританиядан келген Soldstone трилосы 1-орын алды және 2 млн 300 мың теңге табысталды. Екі кезең нәтижесі бойынша Грузия әншісі Абесламидзе Автандил 131 ұпаймен Voice of Astana халықаралық байқауының алғашқы жеңімпазы атанды. Оған арнайы кубок пен 3 млн 300 мың теңге табысталды.

«Бүгін біз ауқымды дүниежүзіне мақтанышпен айтатын шара өткізіп жатырмыз. Тіккелей қолдау көрсетіп жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы және 20 жылдық мерейтой иесі Астанамызға алғысымды білдіремін. Барынша объектитвті болған қазылар алқасы құрамына рахмет айтамын», — деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетсек, Voice of Astana ұйымдастыру комитетіне 2018 жылдың 25 мамырына дейін 20-дан астам елден 500-дей әнші мен музыкалық тобынан байқауға қатысу өтінімдері келіп түскен. Байқауға 18-бен 35 жас аралығындағы әншілер қатысты.

Конкурста Ресей, Әзербайжан, Грузия, Ұлыбритания, Италия, Болгария, Эстония, Қырғызстан, Қытай, Үндістан, Түркия, Татарстан, Армения, Израиль, Өзбекстаннан келген қатысушылар өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар