Естеріңізге сала кетейік, кеше Қызылорда темір жол вокзалы екі сағатқа жұмысын тоқтатқан болатын. Белгісіз әйел вокзалда бомба қойылған деп телефон соққан. Жедел түрде вокзал аумағы қоршалғанмен, тексеру барысында бомба қойылмағаны белгілі болды.
Қызылорда стансасындағы ішкі істер желілік бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Бағлан Бисеннің хабарлауынша, қоңырау кеше түстен кейін келіп түскен. Оқиға орнына құтқарушылар, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем жеткізілді. Әлдекімнің бұзақылық іс-әрекетінен екі сағатқа «Ақтөбе-Алматы», жарты сағатқа «Уфа-Ташкент» пойыздары кешіктірілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізілуде.