Бұл туралы бүгiн дипломатиялық корпуспен өткен брифинг барысында Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi.
"Жоспар бойынша, өте көп сапарлар күтiлуде. Олардың арасында президент, премьер-министрлер деңгейiндегi сапарлар бар. Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмшарты ұйымы мен өзге де ұйымдардың деңгейiнде бірқатар аймақтық iрi шаралар өтедi. Қазан айында ТМД және ЕАЭО саммиттерiн ұйымдастырмақпыз. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының президентi Владимир Путин мен Украина Президентi Петр Порошенконың ресми сапарлары күтiлуде",-деп мәлiм еттi Е.Ыдырысов.