В.Путин мен П.Порошенконың Қазақстанға ресми сапары күтiлуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В.Путин мен П.Порошенконың Қазақстанға ресми сапары күтiлуде

В.Путин мен П.Порошенконың Қазақстанға ресми сапары күтiлуде

 Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының Президентi Владимир Путин мен Украина Республикасының Президентi Петр Порошенко келедi деп күтiлуде. 

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 506
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгiн дипломатиялық корпуспен өткен брифинг барысында Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi.

"Жоспар бойынша, өте көп сапарлар күтiлуде. Олардың арасында президент, премьер-министрлер деңгейiндегi сапарлар бар. Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмшарты ұйымы мен өзге де ұйымдардың деңгейiнде бірқатар аймақтық iрi шаралар өтедi.  Қазан айында ТМД және ЕАЭО саммиттерiн ұйымдастырмақпыз. Сондай-ақ,  Ресей Федерациясының президентi Владимир Путин мен Украина Президентi Петр Порошенконың ресми сапарлары күтiлуде",-деп мәлiм еттi Е.Ыдырысов.

Соңғы жаңалықтар