В.Путин Н.Назарбаевты ҚР Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В.Путин Н.Назарбаевты ҚР Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады

В.Путин Н.Назарбаевты ҚР Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 293
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей мемлекеті басшысының  құттықтау жеделхатында дауыс  беру қорытындылары Қазақстан азаматтары арасындағы Н.Назарбаевтың жоғары беделін, Мемлекет басшысының елді әлеуметтік-экономикалық жеделдете дамытуға, еуразиялық ықппалдастық үдерістерге белсене қатысуға және Ресеймен стратегиялық әріптестік мен одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған кең ауқымды бағытын қолдап отырғанын қуаттайтыны атап көрсетілген.

Ресей Президенті екіжақты байланыстардың барлық кешенін одан әрі өрістетуге, бірлескен жұмысты және диалогты жалғастыруға, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан халықтарының мүддесі үшін Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да халықаралық құрылымдар ауқымында құрлықтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сындарлы өзара іс-қимылға  әзір екенін атап өткен.