Жарияланды: 3600

"Вторник деп бүгін келіп қалдым ғой": Қожа руынан шыққан заманауи жырау ақындығының тек бастамасы екенін айтты

"Вторник деп бүгін келіп қалдым ғой": Қожа руынан шыққан заманауи жырау ақындығының тек бастамасы екенін айтты

Ажырасып кетіп, әйелі мен баласын іздеген заманауи жырау көпшілікті таңқалдырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Кел татуласайық" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақындығы бір бөлек, әртістігі де жоқ емес секілді. Кім білсін? Жігіттің бар болмысы сол болса керек. "Ауытқуы да бар секілді" дейді оқырмандар. 

Бағдарлама барысында әйеліне қосылып, бір болғысы келетін жігіт әйелінің тегін де білмейтін болып шықты. 

"Іздемеген жерім жоқ. Набережная көшесіне неше рет барғанымды білесің бе? Бұрынғы тұрған квартираның егелерінен сұра сенбесең" деп ағынан жарылды жігіт телефон арқылы байланысқа шыққан бұрынғы әйеліне. Әйелінің есімі - Нарғыз. Ұлы - Бауыржан, 4 жаста. 

Қуаттың айтуы бойынша, табиғат аясында, судың жағасында ақындық шабыты оянады екен. Өзі қатарлас Бақдәулет есімді ақын жігітке еліктейтінін де айтты. Өзінің өлеңдерін жаттау мүмкін емес екенін жасырмады. Ұйқасы келмейтін "өлеңді" жаттау мүмкін емес екенін өзі де білетін сыңайлы. 

"Мына жігітті біреу "ақынсың "—деп алдаған сияқты", "Мұқағали, Шәмшілер естімей кеткені дұрыс болды. Ажалынан бұрын өлер еді", "Плотно қуат осыдан кейін ешкім баласының атын Қуат деп қоймайтын шығар", "Күйеу балдарыңыз осы ақын. Ішпейді, ішсе қуады", "Мынаны көрмеген көз, естімеген құлақ сатып алам", "МС Сайлаубекке жарайсың деп айтқым келіп жатыр. Мағына болмасада, өлеңінде ұйқасы бар. Қуатта мағына да, ұйқаста жоқ. Аман болса болды бастысы", "Тахир кейіпкерлерді жындыханадан таңдап аласың ба", деген сынды пікірлерді оқырмандар толассыз жазды. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін