ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға арнап халықаралық қаржылық ұйымдар бөлетін несиелердің бірінші траншына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан  мұнай құбырын салуға арнап халықаралық қаржылық ұйымдар бөлетін несиелердің бірінші траншына ие болды

ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға арнап халықаралық қаржылық ұйымдар бөлетін несиелердің бірінші траншына ие болды

ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы экспорттық мұнай құбырын салуға арнап халықаралық қаржылық ұйымдар бөлетін несиелердің бірінші траншына ие болды. Бұл туралы 14-сәуірде өткен баспасөз мәслихатында BP-Azerbaijan компаниясының президенті Дэвид Вудворд мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 610
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бірінші транш көлемі 1,6 млрд. долларды құрады, оның 1 млрд. доллары несиені бөлу барысындағы құрылыс жұмыстарын қаржыландыру есебінен ВТС Со. акционерлеріне қайтарылды. Бастапқыда несие 2003-жылдың орта шенінде беріледі деп межеленген болатын. Осы кезде акционерлердің жобаға арнаған жеке қаржысы түгесіліп, бұдан былайғы жұмыстар халықаралық қаржылық ұйымдардың несиесі есебінен жүзеге асырылуы тиіс -тұғын. Алайда, несие бөлу жұмыстары ұзаққа созылып кеткендіктен, ВТС Со. акционерлері халықаралық қаржылық ұйымдардың несиесі есебінен кері қайтару шартымен жобаны өз қаржысымен жалғастырды. 2003-жылдың ортасынан 2004-жылдың наурыз айына дейін акционерлер таы1 млрд. доллар жұмсаған.

BP-Azerbaijan компаниясы президентінің айтуынша, бірінші траншпен бөлінген 600 млн. доллар қаржымен Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы экспорттық мұнай құбырының құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың қыркүйек айына дейін жалғастыруға болады. «Ал 400-600 млн. доллар көлеміндегі екінші транш қыркүйек айында, соңғы транш 2005-жылдың бірінші тоқсанында бөлінеді деп күтілуде. Нәтижесінде жалпы несие көлемі 2,6 млрд. долларды құрайды»,- деді ол.
Д.Вудвордтың хабарлауынша, қазірге дейін Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының құрылыс жұмыстарына жоба аясында 2 млрд. доллар жұмсалған.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі мұнай құбырын салуға 2,95 млрд. доллар (несиелік проценттерді қоса есептегенде жобаның жалпы құны 3,6 млрд. долларға бағаланып отыр) қажет, ал жобаға қажетті қалған қаржы ішкі қаржы, коммерциялық банктер мен экспорттық несиелік ұйымдардың есебінен толтырылады.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil -8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Мұнай құбырының Әзербайжандық бөлігі 2004-жылдың қыркүйек айына дейін, Грузиялық бөлігі 2004-жылдың қазан айына дейін, Түркиялық бөлігі 2004-жылдың соңына дейін салынып бітуі тиіс. Түркиядағы Жейхан айлағынан Әзербайжан мұнайы 2005-жылдың екінші тоқсанынан бастап экспорттала бастайды.