«Walt Disney»-дің «Золушкасы» енді қазақша сөйлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Walt Disney»-дің «Золушкасы» енді қазақша сөйлейді

«Walt Disney»-дің «Золушкасы» енді қазақша сөйлейді

Фильм «Күлбике» деген атаумен тәржімаланған. Әйгілі Голливуд киностудиясының кезекті бір ертегі желісінде түсірген картинасы бүгін еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастамақ. Осыдан 300 жыл бұрын жазылған қиссаның негізінде бұған дейін бірнеше мәрте көркем және анимациялық фильмдер түсірілген. Тек бұл жолы режиссер Кеннет Брана Күлбикені мүлдем басқа қырынан танытуға тырысыпты.

  • 7 Наурыз 2015
  • 442
Фото - Caravan.kz

«Күлбике» фильмнің жаңа нұсқасын тағатсыздана біздің елде де күткендер көп. Әсіресе, қыздар жағында шыны туфлиге қызыққандары жетерлік.

Турал, әнші:

-Мен «Диснейдің» барлық туындыларын сүйіп көремін. Себебі онда ең алдымен адалдық, ерлік көрсетіледі. Ханзадалар әрдайым ханшайымдарын құтқарып жүреді. Мен де дәл сондай кейіпкердің образын сомдасам деймін. Ең болмағанда сүйіктімнің алдында.

Жалпы «Күлбикені» осыдан 300 жыл бұрын француз ақыны Шарль Перро жазған. 1950 жылы «Дисней» студиясы оған авторлық құқық алып, бастапқыда кино етіп, кейін анимацияға cалып түсірген. Енді, міне, арада 65 жыл өткенде тағы экранға шығып отыр. Тек бұл жолы Күлбике қазақша да сөйлемек.

Күнсұлу Шаяхметова, актриса:

— Уолт Диснейдің аударылған барлық дүниелеріне қатысып келемін. Аударма саласында көбіне мінезді образдарды салуыма тура келеді. Өз мінезіме қарама-қарсылау. Мына жерде өгей шешесін дыбыстадым. Қаншалықты деңгейде, оған өздеріңіз баға бере жатарсыздар!

Жаңашаланған ертегіде Күлбикенің образын жас актриса Лили Джеймс сомдаса, ханзада міндеті Ричард Мэдденге жүктеліпті. Қатыгез өгей шеше образында – «Оскар» иегері Кэйт Бланшетт.


Бір айта кетерлігі, осы фильмнен кейін ханшайымдар тек күлгін түсті көйлек кию керек деген түсінік түбегейлі өзгеруі мүмкін. Өйткені режиссер Кеннет Брана мұнда Күлбикеге көк көйлек кигізген. Ал оны тігуге ондаған дизайнер жұмылдырылып, 240 метр жібек мата жұмсалған екен. Етегін жарқыратуға 10 мыңнан астам кристал кетіпті. Аяғына кисе, күң қызды күн қызға айналдыратын шыны туфли де арнайы тапсырыспен әзірленген. Сонымен, бүгіннен бастап, жаңа Күлбикенің хикаясын тамашалауға асығыңыздар. Туындыны елімізге жеткізуші «Сони» және «Дисней» киностудияларының ресми дистрибьютері «Миломан» команиясы.