"WhatsApp-та хабарламалардың қауіпсіздігіне назар аударып, қосымшаны одан да қауіпсіз етудің жаңа әдістерін іздейміз. … Сондықтан бүгін біз iPhone смартфондарына арналған Touch ID және Face ID функцияларын ұсынамыз. Бұл сіздердің аккаунтыңыздың қауіпсіздігін тағы бір деңгейге жоғарылатады", — делінген компанияның блогында.
Осылайша, компания өкілдерінің айтуынша, бөтен біреу WhatsApp қосымшасына кіре алмайды.
Жаңа функцияны қосу үшін қосымшаның баптауларына кіріп, "экранды бұғаттау" функциясын таңдап, деректердің құпиялығы параметрлерін жаңарту керек.