«Whatsapp», «Telegram» арқылы алауыздықты қоздырған 11 адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Whatsapp», «Telegram» арқылы алауыздықты қоздырған 11 адам ұсталды

«Whatsapp», «Telegram» арқылы алауыздықты қоздырған 11 адам ұсталды

16 қарашада ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ішкі істер органдарының қатысуымен терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігі бойынша Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғынын ұстады.

  • 16 Қараша 2017
  • 300
Фото - Caravan.kz

Көрсетілген адамдар «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлерінде және Интернет әлеуметтік желілерінде «ДАИШ» және басқа да халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратқан, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.


Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам қатысушысы бар 24 желілік қоғамдастыққа орналастырылған.

Тергеу және өзге де іс-шаралар жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар